12
желтоқсан
2023
"Үздіксіз психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету"
Бүгін, 12.12.2023 ж., Алматы қаласы Бостандық ауданы КМҚК “№80 бөбекжай-балабақшасы” қабырғасында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының Инклюзивтік білім беру орталығының жетекші сарапшысы Майя Темирбаева және Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Зульфира Бибалинова Академияның 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми жобалары негізінде «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға (балабақша – мектеп – колледж) үздіксіз психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асыру мақсатында зерттеу жұмысын жүргізді.
Сонымен қатар аталған шара бойынша
білім беру мекемесіндегі құжаттар зерттеліп, мамандардың қатысуымен интервью жүргізілді. Психолог, логопед, дефектолог түзету кабинеттерінің жабдықталуы және көрнекіліктер мен құрал-жабдықтардың жеткілікті әрі қол жетімділігі қарастырылды.Соңында жұмыс нәтижесі бойынша зерттеудің қорытындысы шығарылды.