10
қыркүйек
2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау
Бүгінгі 02.09.2019 жылы Президентіміз Қасым – Жомарт Токаевтың алғашқы жолдауын толық тыңдадық . Келешекте елімізде үлкен өзгерістер күтілуде, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы айтылған заңнамалар күшіне еніп жүзеге асырылады деген ойдамыз
«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептейміз.Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» - осыған орай мемлекеттік тілімізді жаңғырту өзіміздің қолымызда
«Келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды. Ендігі жылы бәріміз әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз.Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек» - осы мерейтойларға байланысты балабақшада Абай атамыздың өлендерін жатқа айтып мәнерлеп оқу ұйымдастыру, балабақша қызметкерлерімен «Абай әндері» атты кеш, «Абайдың қара сөздері» атты жарыс ұйымдастырып өткізіп ат салысамыз.
«Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін» - бұл орайда Қазақстанның өркендеуіне зор үлес қосуымыз керек.
«Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды.Сондықтан мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз» - яғни педагогика саласындағы мамандарға көңіл бөлініп, білікті мамандар көбеюіне септігін тигізеді деген ойдамыз. Мұгалім мамандығына қызығушылық танылып жұмысқа деген ынталары артады. Мұғалім деңгейі көтеріледі.
Президентіміздің жолдауы еліміздің маңызды мәселелері қөтерілді, нақты шаралар атқарылып еліміз көркейеді деген үміттеміз. Президентіміздің жолдауын қолдаймыз.
.