30
қыркүйек
2019
Туған күніңмен, балақай!!!
Балабақшамызда қыркүйек айында туылған бүлдіршіндеріміздің туған күні атап өтілді. Балаларды арнайы видео- көрсетіліммен құттықтадық. Сонымен қатар, олар кешке арнайы келген қонақпен ән айтып, би биледі. Балалар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты. Ал балаларға тілеріміз бақытты балалық шақ, кемел болашақ. Жүздерінен әрдайым күлкі кетпесін, денсаулықтары мықты болсын, еліміздің тәрбиелі, бетке тұтар азамат, азаматшалары болып өсе берсін!