1 Мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Аталмыш мерекеге орай балабақшамызда ертеңгілік болып өтті. Балалар корей, өзбек, орыс халықтарының билерін билеп, әндерін айтты. Жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді.