Ертеңгіліктер » Страница 19 » ГККП "Ясли сад №80"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№80 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 239-43-04
Әдіскер:
+7(727) 228-18-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа жыл-жаңа жыр.
01
қаңтар
2019
Жаңа жыл-жаңа жыр.
№80 бөбекжай-балабақшасында жаңа жыл мерекесіне орай "Қош келдің, Жаңа жыл баршамызға" тақырыбында ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Мерекеде балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында тәрбиешілер аңдардың бейнесін сомдап, ертегі әлемінен қойылымдар қойды. Жасыл шырша жанында балалар әндерін айтып, би биледі. Кейіпкерлерімен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасаған балалар мәз-мейрам болып, кеш қызығына батты.
Тұғыры биік тәуелсіздік!
21
желтоқсан
2018
Тұғыры биік тәуелсіздік!
Барша халқымыздың ең басты құндылығы  Тәуелсіздік! Біз  көшпенділердің ұрпағымыз, ат үстінде жүрген елміз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Естеріңде болсын, тарихта қазақты ешкім ешуақытта жаулап алған жоқ. Жаулап алғысы келгендер ел ішіне іріткі салды. Бүгінгі тәуелсіз елімізде қазақтың ішкі бірлігі сақталуға тиіс. Біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір. (Н.Ә. Назарбаев)   
1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні
06
желтоқсан
2018
1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні
Қазағымның туын тіккен — Елбасы, Ұл-қызынан үміт күткен — Елбасы, Қазақ елін аялаған — Елбасы, Қиындықта сая болған — Елбасы.
Алтын күз
15
қараша
2018
Алтын күз
Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді.                
"Қарттарым-асыл қазынам"
10
қазан
2018
"Қарттарым-асыл қазынам"
Қарттарымыз-асыл қазыналарымыз! Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін дәстүрімізден жаңылмай бүгін №80 бөбекжай-балабақша бүлдіршіндерінің ата-әжелеріне сый-құрмет жасадық. Іс-шарада ата-әжелерге арнап кішкентай бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін ортаға салды. Ән шырқалып, мың бұралған бишілеріміз би билеп, өлең жолдарын арнады. Ата-әжелеріміз өскелең ұрпаққа өздерінің жылы лебіздерін, баталарын берді. Ардаргерлеріміз, үлкендеріміз әрдайым аман болсын!
Жазғы спартакиада -2018
13
тамыз
2018
Жазғы спартакиада -2018
Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты: дені сау, сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол ұрпақты тәрбиелеу. Соның бір шарасы "Жазғы спартакиада-2018" атты эстафеталық жарыс.
"Ел жүрегі -Астана"
09
шілде
2018
"Ел жүрегі -Астана"
Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды. Бас қаламыздың Астананың 20- жылдық мерейтойына орай, «Ел жүрегі - Астана» тақырыбында МКҚК "№80 бөбекжай-балабақшасында" мерекелік шаралар өткізілді. Балалар іс-шарада Астана-Қазақ елінің болашағының қаласы екенін түсініп, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы екенін ұғып алды.