«Балабақшадағы буллингке жол бермеу» Ата-анаға кеңес » ГККП "Ясли сад №80"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№80 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 239-43-04
Әдіскер:
+7(727) 228-18-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балабақшадағы буллингке жол бермеу» Ата-анаға кеңес
27
ақпан
2024

«Балабақшадағы буллингке жол бермеу» Ата-анаға кеңес

«Балабақшадағы буллингке жол бермеу» Ата-анаға кеңес

"Алдымен ата-анасы не істеуі керек, осыған тоқталайық. Қорлық көрген баланың ата-анасы көп жағдайда кінә, ұят, ашу және әлсіздік секілді сезімдерді басынан өткереді. Осыған байланысты кейде қолдау мен жанашырлықтың орнына олар: "Неге қарсы жауап бермедің?", "Әлсіз болма!", "Өзің кінәлісің" « Келесі жолы өзің де ұр» деген секілді сөздер айтып, баланың өзін айыптайды. Бұл кез келген отбасының басынан өтуі мүмкін екенін ұмытпау шарт. Бұл жерде ешкімнің кінәсі жоқ, әсіресе баланың, бірақ ата-ана балаға дұрыс жол көрсете білуі қажет. Керісінше, мына сөздер бала мен ата-ананың әңгімесіне оң әсер етеді:

  • "Мен саған сенемін". Бұл балаға кез келген жағдайда өзін жалғыз емес екенін ұқтырады;
  •  "Бұл сенің кінәң емес". Осы арқылы балаға мұндай мәселеге тап болып тұрған өзі ғана емес екенін түсіндіру маңызды;
  • "Мен сені жақсы көремін және енді қайта қауіп төнбес үшін барлығын жасаймын". Бұл балаға қорғаныш сезімін ұялатып, болашаққа үмітпен қарауына көмектеседі.

Балаңыз кез келген жағдайда көмек сұрауға дайын болатындай әрқашан сенімді қарым-қатынас орнатыңыз".

Тәрбиешіге ақыл-кеңес

"Қазіргі заман ағымына сай балабақшадағы буллингпен күрес мәселесі бұл да үлкен тақырып. Тәрбиешілер әсіресе балалардың ата-анасымен тығыз байланыста болуы керек. Өйткені көбінесе ата-анасы баласының сыртқа шыққандағы мінез-құлқынан хабары болмай қалады. 

Баланың өзіне ақыл-кеңес

  • Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым туралы айту;
  • Қудалауға қатігездікпен жауап беру дұрыс емес. Бұл тағы да басқа мәселелерді тудыруы мүмкін;
  • Егер буллингтің куәгері болған жағдайда оны назардан тыс қалдырмауды үйрету".

"Буллингке ұшыраған балаға дер кезінде көмек қолын созбаса, ол үнемі біреуден көмек күтіп, арқа сүйеп қалады. Үлкейгенде қолына билік түсетін болса, бала кезінен қалып қойған агрессиясын айналасындағыларға көрсетеді. Жан-жағындағыларға ұрсып, күш көрсетіп жүрген адамдарды психологияда жастайынан "жараланған" жан ретінде қарастырады".

"Балалардың 80% телефон мен компьютерге тәуелді болып қалған. Көп жағдайда ойынға беріліп кеткен балалар виртуалды әлемді шынайы өмірмен шатастырып алады да, суицид пен басқа да әрекеттер оларға оңай болып көрінеді. Жоғарыда айтқанымыздай санасы қатаймаған балалар мұны жете түсіне алмайды. Сонымен қоса суицид туралы оқиғаларды балалардың көруіне шектеу қою қажет. Себебі мұны көрген баланың кейбірінің батылдығы оянып, кейбірінің қызығушылығы оянып, осындай әрекетке барып жатады. 

Балаларымызды әрқашан қорғап, дұрыс жол сілтей білейік.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив