Консультации для родителей!
Тәртіп – сәттіліктің кепілі. Балаларға кеңістікті ұйымдастыруды үйретудің маңызы неде?
Әдіскер Алменова Г Т
Үстеліңізге қараңыз. Оның үстінде қағаздар, кеңсе құралдары, ішілмей қалған кофе саптыаяқтары жайрап жатыр ма? Енді балалар үстелін елестетіп көріңіз. Оның үсті бұдан да бейберекет болып жатқан болар. Бірақ тәртіпсіздік жай ғана сәнді бұзып қоймайды. Ол теріс әсер етуі мүмкін.
●Зейінді шоғырландыру: заттар бейберекет шашылып жатқан жерде біреуіне зейін шоғырландыру қиын.
●Эмоциялық жағдай: тәртіптің жоқтығы мазасыздық, сенімсіздік, апатия сезімін тудыруы мүмкін.
●Өзін-өзі бағалау: заттарын жинауды білмейтін бала достарына өз бөлмесін көрсетуден ұялуы мүмкін.
●Дағдыларды дамыту: жинау балаларға жауапкершілікті, жоспарлауды, өзін-өзі ұйымдастыруды үйретеді.
Баланың бойына тәртіпті сүюді қалай сіңіруге болады?
1. Жинастыруды ойынға айналдырыңыз.
Жинастыруды көңілді және қызықты ету үшін әндер, билер, ойындарды пайдаланыңыз.
2. Баланың қолынан келетін шаруаны оның орнына өзіңіз істемеңіз. Оған дербестігін көрсетуге мүмкіндік беріңіз.
3. Үлгі көрсетіңіз. Бөлмеңіздегі заттарды жинаңыз.
4. Тәртіп сақтауға ұмтылысын ынталандырыңыз. Заттарды жинап қойғаны үшін балаңызды мақтаңыз.
5. Ойындар мен жаттығуларды қолданыңыз. Балаға заттарды жинастыруды үйренуге көмектесетін көптеген ойындар бар.
6. Тәртіптің сақталмағаны үшін ұрыспаңыз. Оның орнына балаңызға заттарды жинастыру неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз.
7. Шыдамды болыңыз. Тәртіпке үйрету – ұзақ процесс.
Есіңізде болсын! Тәртіп тек қана бөлмедегі тазалық емес. Бұл баланың өмірде жетістікке жетуіне көмектесетін маңызды дағды.
Жинауды көңілді және қызықты ету үшін бірнеше мысал келтіре кетейік.
Бәрінен жылдам тазаланған бөлме байқауын ұйымдастырыңыз.
Ойыншықтарды кір себетіне салыңыз да, балаңыздан оларды «қоректендіруді» сұраңыз.
Ұсақ заттарды бөлменің әр жеріне жасырып, балаңызға оларды тауып алу керектігін айтыңыз.
«Керісінше күн» ұйымдастырыңыз: заттарды тазалауды балаңыз сізге өзі үйретсін.
Ең бастысы – балаға қысым жасамау және күнделікті жинауды мезі қылатын іске айналдырмау. Ойын мен көңіл көтеру атмосферасын жасаңыз, содан кейін сіздің балаңыз өз бөлмесінде тәртіп орнатуға қуана кіріседі.
Порядок — залог успеха. Почему важно учить детей организовывать пространство
Взгляните на свой стол. Завален ли он бумагами, канцелярскими принадлежностями, чашками с недопитым кофе? А теперь представьте себе детский стол. Скорее всего, там царит еще больший хаос. Но беспорядок — это не просто некрасиво. Он может негативно влиять на:
- Концентрацию внимания: в хаосе сложно сосредоточиться на чем-то одном.
- Эмоциональное состояние: беспорядок может вызывать чувство тревоги, неуверенности, апатии.
- Самооценку: ребенок, который не умеет убирать вещи, может стесняться своей комнаты и друзей.
- Развитие навыков: уборка учит детей ответственности, планированию, самоорганизации.
Как же привить ребенку любовь к порядку?
1. Превратите уборку в игру.
Используйте песни, танцы, игры, чтобы сделать уборку веселой и увлекательной.
2. Не делайте за ребенка то, что он может сделать сам. Дайте ему возможность проявить самостоятельность.
3. Будьте примером. Убирайте вещи в своей комнате.
4. Поощряйте стремление к порядку. Хвалите ребенка за то, что он убрал вещи.
5. Используйте игры и упражнения. Существует множество игр, которые помогут ребенку научиться убирать вещи.
6. Не ругайте за беспорядок. Вместо этого объясните ребенку, почему важно убирать вещи.
7. Будьте терпеливы. Приучение к порядку — это длительный процесс.
Помните! Порядок — это не просто чистота в комнате. Это важный навык, который поможет ребенку добиться успеха в жизни.
Вот несколько примеров, как можно сделать уборку веселой и увлекательной:
- Устройте конкурс на самую быстро убранную комнату.
- Положите в корзину для белья игрушки и попросите ребенка «накормить» их.
- Спрячьте мелкие предметы по комнате и предложите ребенку их найти.
- Устройте «день наоборот»: пусть ребенок учит вас убирать вещи.
Главное — не давить на ребенка и не делать уборку рутиной. Создайте атмосферу игры и веселья, и тогда ваш ребенок с удовольствием будет наводить порядок в своей комнате.